« Түлектер

Әйгерім Бегімбет

el.kz сайтының ОҚО-дағы меншікті тілшісі, фрилансер

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетін аяқтаған.

Облыстық «Оңтүстік Рабат», қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінде қызмет атқарған. Қазір el.kz сайтының ОҚО-дағы меншікті тілшісі, фрилансер. Қосымша фотографиямен айналысады.

Жоба: Бірінші жоба, ауыл адамдары жайлы, ауыл мәселелері туралы. Ауылда тұрып, елеусіз тірлік кешіп, үлкен істер атқарып жатқан адамдар туралы фоторепортаж. Мысалы, 40 жылдан бері трактор айдайтын әйел, құдық қазатын ата, ұшақ құрастыратын аға, тағы басқа. Суы, табиғи газ, жолы, тағы басқа әлеуметтік нысандары жоқ, ауылдың мұқ-мұқтажын жеткізетін болады.

Екінші жоба, Оңтүстіктің, жалпы Қазақстанның көрікті жерлері, тарихи орындары жайлы фоторепортаж, видеорепортаж ұсыну. Былайша айтқанда туризм саласына арналған. Мысалы, Оңтүстіктегі Ақмешіт үңгіріне қалай жетуге болады, шамамен қанша қаржы кетеді, үңгірдің ерекшелігі неде? Тағы басқа сұрақтарға жауап іздейді.