« Түлектер

Нәзия Жоямерген

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті. «Ынта мен ынтымақ» қорының директоры. Әйел Журналистер клубының жетекшісі.

«Түркістан», «Жас Алаш», «Ақжол Қазақстан» газеттерінде, «Хабар» радиосы, «Қазақстан» телеарнасында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнің Баспасөз хатшысы ретінде қызмет атқарған.

Еуропалық Комиссия мен Қазақстандағы еуропалық елдер елшiлiктерi ұйымдастырған «Еуропалық Одақ: қазақстандық журналистер көзiмен» атты байқаудың Бас жүлдесiн алған және АҚШ Мемлекеттiк департаментiнiң Еуропа мен Азия елдерi журналистерiне арналған Эдуард Мэрроу атындағы бағдарлама грантының иегері.

Жоба: 1. «Түркітілдес журналистер қорының» телестудиясын ашамыз. Қордың сайтына (www.ttjk.kz) iMediaProject жобасында үйренгендеріміз бойынша телестудияда сұхбат, сюжет жасаймыз.

2. Қордың жанынан Медиа-тренерлер мектебі ашылады. Тренерлерге мультимедиалық журналистика тақырыптарынан сабақ беруді көздейміз.

3. Ішкі және сыртқы туризмге қатысты авторлық бағдарлама жасаймыз.