Бұл медиа мектеп Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен іске асып келе жатқан Миссури Журналистика мектебі мен Қазақстан Баспасөз Клубының бірлескен жобасы. Жоба осымен үшінші рет өткізіліп отыр.

Алғашқы модульдің оқытушылары: Эми Симонс (конвергентті журналистикадағы мультиплатформада репортаж әзірлеу және жасау оқытушысы) және Натан Лоренс (жергілікті KBIA радиосында цифрлі контент бөлімінің директоры және Миссури журналистика мектебінің штаттан тыс оқытушысы) конвергентті журналистикадағы соңғы тенденциялар мен әдістер жайлы ақпаратпен бөліседі.

Алғашқы модульде конвергентті журналистика, мобильді технологиялардың журналистикаға әсері, аудио, фото, видеоларды өңдеу және әзірлеу бағдарламалары жайлы тақырыптар қамтылады.

Эми Симонстың айтуынша, «мобильді журналистика — журналистиканың болашағы». Оған дәлел қазіргі таңда әр түрлі гаджеттердің, дрон мен мобильді технологиялардың сұранысқа ие болуы дәлел.

Осы жылы оқытушылар мультимедиалы оқиғаларды WordPress блогплатформасында жасауды үйретті. WordPress блогплатформасы — тегін және қолданылуы оңай.

Практикалық жұмыс барысында оқытушылар аудио репортаж әзірлеу, фотоаппаратты қолдану, видео түсіру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Бейнероликтерді монтаждау, аудио репортаж жасау, суреттер мен видеоларды жөңдеу Adobe Premiere Elements бағдарламасы негізінде іске асты.

Жұма күні қатысушылар алғашқы модуль барысында жинаған білімдері негізінде жеке репортаждарын таныстырады.