Жобаға іріктеліп алынған 17 қатысушы тренингке толықтай қатысып, аудио, видео және фото бағыттары бойынша білім алды. Тренинг 5 күнге созылды.

Тренерлердің айтуынша, осы жылғы қатысушылар өте тәжірибелі және мықты журналистер. Соған қарамастан жаңа нәрсе үйренуге, білім алуға құштар.

Қатысушылардың пікірінше, алғашқы модуль аясында тренерлерден алған сабақтар журналистердің кәсіби тұрғыдан дамуына әсер ететініне сенімді.

Алғашқы модульдің соңында қатысушылар өздерінің жоба барысында көмегін тигізетін менторларының есімдерін білді. Менторлар қатысушыларға барлық модульдер барысында тәжірибелерімен бөліседі және осы жоба аясында жасалатын медиа жобаларына өз ақыл кеңестерін айтып, іске асуына көмектесетін болады.