Қыркүйектің 4-8 аралығында «iMedia Project» жобасының екінші модульі өтті. Осы модуль толықтай web дизайн тақырыбына арналды.

«iMedia Project»жобасының екінші модульінде алғаш рет қазақстандық медиа теренер - Бексұлтан Қазыбек тренинг жүргізді. Ал екінші модульдің негізгі тренері ретінде Миссурий Журналистика мектебінен журналист Роб Вейр келді.

Тренинг барысында қатысушылар дизайндағы түстердің түрлері мен маңыздылығын үйренді. Сонымен қатар, сайттағы шрифт түрлері және дизайнын, сайтқа әлеуметтік желілерді байлау мен видеоплеер орналастыруды тәжірибе жүзінде жасап көрді.

Тренингтің тәжірибелік жұмыс бөлімінде қатысушылар 360° панорама фото түсіріп, оны сайттары мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялады.

Тренер Бексұлтан Қазыбек әлеуметтік желілерді ақпарат таратуда қалай қолдану керек екендігін және қоғамда көтерілген тақырыптарды қалай мультимедиаға айналдырудың жолын көрсетті.

iMedia Project Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен іске асып отырған Қазақстан Баспасөз клубы және Миссури университеті журналистика мектебінің бірлескен жобасы.