Бүгін iMedia Project жобасының  дата-журналистика тақырыбына арналған  3-модулі басталды. Миссури университеті Журналистика мектебінің маманы Дэвид Херзог (David Herzog) және  iMedia Project 2015 түлегі, "Жас Алаш" газетінің журналисі Елнұр Әлімова модульдің жаттықтырушылары болып табылады. Модуль аясында дата-журналистикадағы соңғы беталыстарға талдау жасалып, дата-журналистикада статистиканы қолдану, этика және деректерді қорғау сынды тақырыптар талқыланады. Сондай-ақ, Ecxel-ді қолдана отырып көптеген тәжірибелік сабақтар өтеді. Модульге қатысушылар Tableau-ның интерактивтік құралдарын игермек. Модуль қонақтарының арасында Ratel.kz бас редакторы Марат Әсіпов және FACTCHECK.KZ жобасының өкілдері бар.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан Баспасөз клубы iMedia Project жобасын Soros Foundation - Kazakhstan қорының қолдауымен жүзеге асырып жатыр. Жоба қатысушысына Kaspi Bank тарапынан көмек көрсетілді. Beeline KZ жоба серіктесі ретінде қатысады деп күтеміз! Отандық журналистердің кәсіби деңгейін көтеруге ат салысып отырғаны үшін серіктестеріміздің барлығына алғысымызды білдіреміз.