Жобаның төртінші модулінде Джим Флинк (Миссури Университетінің Журналистика мектебі, АҚШ) және Әсел Қараулова (Қазақстан Баспасөз клубы, Қазақстан) медиа менеджмент және бизнес тақырыбында арнайы дәрістер өткізді. Джим Флинк медиа жобаның жұмысын тиімді басқару, дижитал стратегия және оны дамыту, нативті жарнама мен контент-маркетинг туралы мысалдар негізінде тақырыптың теориясымен бірге практикалық қырын да ашып берді. Джим Флинктің қадағалауымен қатысушылар Александр Остервальдердің бизнес-үлгісі негізінде медиа-ұйымның жаңа жобасын әзірледі.

Әсел Қараулова Қазақстандағы медианың, медиа нарықтың жағдайы, қиындықтары туралы әңгімелеп берді. Өз баяндамасында "контент құрсауынан" құтылудың жолы, шынайы статистикалық мәлімет болмаса не істеу керек, корпоративті клиенттерге қызмет ұсынудың жолдары, қаржы көзін табу тәсілдері тақырыптарындағы тәжірибесімен бөлісті. Қазақстан қор биржасы арқылы қаржы табудың жолдарымен жоба қонағы KASE директоры Аслан Калигазин арнайы айтып берді.

2017 жылғы жобаның соңғы модуліне Қазақстандағы екі ірі БАҚ өкілі қатысты: imedia project 2015 түлегі, Informburo.kz бас редакторы Михаил Дорофеев және Vlast.kz құрылтайшысы мен бас редакторы Вячеслав Абрамов. Олар жаңа медиа жоба жасаудағы жеке тәжірибелерімен бөлісіп, ақпарат құралын дамытуда краудсорсинг және басқа да жолдармен қаржы табу жолдарын әңгімелеп берді.

4 модуль соңында Интерньюс заңгері Ольга Диденко "БАҚ туралы" заңдағы соңғы өзгерістерді хабарлап, редакциялар мен журналистерге қалай әсер етіп жатқанынан құлағдар етті.

Қатысушылардың сөзіне қарағанда iMedia Project 2017 – 2018 жобасының барлық төрт модулі де пайдалы және қызық болды. Өз сөзінде жоба қатысушысы Луқпан Ахмедьяров: «Бұл жобаның бағдардамасы өте жақсы ойластырылып, тренерлері өте жақсы іріктелген" деді. «imedia жобасында алған білімімізді бірінші модульден бастап редакцияда да, өзіміз үшін де қолданып жатырмыз. Редакцияда бірінші модульден бастап біз видео мен фотоға, газеттегі суретке басқа қырынан қарай бастадық. Жеке өзімнің Google Street View 360° форматында түсірген 40 суретім 80 мың рет қаралды. imedia жобасында айтылып жатқанның барлығы пайдалы әрі бірден қолдануға жақсы!»

Петр Троценко жоба жайлы пікірімен бөлісе отырып, жобадағы алған білімі әлемдегі болып жатқан медиа өзгерістермен біте қайнасып, Қазақстан жағдайында қалай бейімделіп жатқандығымен қызық дейді. «Күтпеген жерден өзіме жаңалық аштым. Мен енді мобильді контент жасай аламын. Өз бетімше видео, фото түсіріп, өңдеуді үйрендім! Бұл мен үшін жаңа дағды болды. Енді фото мен видео түсіруде сенім пайда болды. Сонымен қатар imedia білім беріп қана қоймай, жеке өзіңді және медиаңның мүмкіндігін қайта бағалап, жаңа бастамаларға жігер береді».

Жоба қатысушысы Баубек Сағындық бірінші және үшінші модуль аралығында мобильді контент, дизайн жасауға екпін түсіргенін айтып өтті. «Төртінші модуль бұған дейін алған білімді қорытып, медиа-бизнес жасауға негіз болып отыр. Өз басыма imedia жобасы мультимедиа журналистикасындағы соңы ақпаратпен танысып, әріптестерімен қызықты топтық жұмыс жасауымен есте қалатын болды».