«iMedia Project» мультимедиялық журналистика мектебі 2018-2019 оқу жылына үміткерлерді іріктеу бойынша байқау жариялайды. «iMedia Project» - білім беру жобасы.

Егер сіз жаңа қоғамдық-саяси, іскерлік немесе басқа да тақырыпқа қатысты жаңа тақырыптағы ақпараттық жобаны құру бойынша идеяның авторы болсаңыз, және оны жүзеге асыру үшін сізге ол үшін мультимедиялық журналистика машықтарын жетілдіру керек болса. Егер сіз жұмыс жасап жатқан редакция жаңа ақпараттық жобаны іске қосуға ниетті болып, сізге шетел медиа-менеджерлерінің тәжірибиелік кеңесі керек болса. Егер сіздің БАҚ әрекет ететін онлайн-ресурсқа (веб-сайт немесе сандық қосымша) сапалы редизайн жасауды жоспарлап,  осындай «мультимедиялық өзгеріс» нәтижесінде дербес медиа-бизнесті дамып, оқырмандар мен жарнама берушілердің жаңа аудиториясын тартуды көздесе, онда iMedia мектебіне қатысуға асығыңыз.

Ашық байқау нәтижесінде білікті әділқазылар алқасы 17 финалисті анықтап, олар 2018-2019 жыл барысында төрт апталық тегін оқу курсынан өтеді.

«iMedia Project» - 2015 жылдан бері Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Миссури штаты университетінің Журналистика мектебімен (MSJ) серіктестікте Қазақстан баспасөз клубымен жүзеге асырылатын білім беру жобасы. 2018-2019 жылғы жоба қатысушыларымен Миссури журналистика мектебінің профессорлары мен сол университетте білім алып келген отандық медиамамандар жұмыс жасайды. iMedia қатысушылары мультимедиялық жобаларды дайындау және кешенді жылжытуды, сонымен қатар, меди-кәсіпкерлік және контентті монетизациялауды үйренетін болады. Жоба қатысушыларына жыл бойы жеке жобаларын дайындау барысында менторлық кеңес беріледі.

Тренинг бағдарламасы:

Төрт апталық интенсивті оқу курсы аясында ең ірі мультимедиалық жобаларды жасап шығарған медиа-индустрия көшбасшылары шеберлік сабақтарын өткізеді. «iMedia Project» қатысушылары өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіріп, келесі модульдер бойынша жаңа білімдерді игереді:



  • БАҚ дизайны;
  • Мультимедиалық журналистика;
  • БАҚ-на арналған менеджмент және бизнес-стратегия;
  • Деректер журналистикасы және журналистік тергеулер.

«iMedia Project» түлектері келесі бағыттар бойынша біліктіліктерді меңгереді:



  • Түрлі ақпараттық платформаларға арнап сапалы аудио, бейне контентті жасап шығару;
  • Интерактивтік графика;
  • Веб-дизайн, HTML және CSS;
  • Жаңалық шығару технологиялары және мобильдік құрылғылар;
  • Әлеуметтік желілерді БАҚ ретінде қолдану;
  • Google және басқа да аналитикалы құралдарды қолдану;
  • Деректер қорымен жұмыс, деректерді анализдеу және интерпретациялау;
  • Бизнес-жоспарды дайындау және таныстыру, мультимедиалық контенттен ақша табу;

Оқу курсы Қазақстан Баспасөз клубындағы толығымен «Adobe Creative Cloud» бағдарламалар жинағымен жабдықталған арнайы компьютерлік сыныпта өтеді. Курстан өту нәтижесінде «iMedia Project» түлектері өздерінің тәуелсіз бірегей мультимедиалық жобасын жасап шығарып,  «Adobe Photoshop», «Adobe Audition», «Adobe Premiere» секілді тағы да басқа журналистерге арналған мамандандырылған бағдарламаларды тыңғылықты түрде игеріп шығады, сондай-ақ, өз жобаларын ары қарай тұрақты түрде қалай ілгерілету қажеттігін түсінеді.

Барлық модульдерді табысты оқып бітірген қатысушыларға Миссури журналистика мектебі (АҚШ) куәландырған сертификаттар табысталады.

Сорос-Қазақстан Қоры ең үздік мультимедиа жобаларын қолдау үшін «iMedia Project» түлектері арасында гранттық байқауды жариялау құқығын өзіне қалдырады.

Cіз «iMedia Project» қатысуыңыз қажет, егер:



  • Сізде қоғамдық-саяси, іскерлік немесе басқа да тақырыпқа қатысты жаңа ақпараттық жобаны құру идеясы бар болса және де оны жүзеге асыру үшін сізге мультимедиалық журналистика саласындағы дағдыларыңызды жетілдіру қажет болса;
  • Мультимедиалық технологиялар саласындағы белсенді әрі жаңашыл құрылым ретінде сіздің редакцияңыз жаңа ақпараттық жобаны іске қосқысы келсе және сізге шетелдік медиа-менеджерлер мен брэнд-технологтардың тәжірибелік кеңестері қажет болса;
  • Сіздің БАҚ қолданыстағы онлайн-ресурсының (веб-сайт немесе сандық қосымша) дизайнын сапалы түрде қайта жасап шығаруға мүдделі болса және де мультимедиамен толығу арқасында дербес медиа-бизнес ретінде дамып, жаңа оқырмандар мен жарнама берушілерді тартуға мүмкіндік алатын болса.

Байқауға келесі топтар қатыса алады:



  • Жетекші республикалық және аймақтық БАҚ журналистері мен редакторлары;
  • Тәуелсіз журналистер ұжымдарының өкілдері;
  • Бакалавриат және магистратура бағдарламаларында оқып жүрген журналистика факультеттерінің бітіруші курстарындағы студенттер;
  • Өздерінің ақпараттық мультимедалық жобаларын жасау және ілгерілету бойынша тәжірибесі бар мамандар;

Үміткерлерге қойылатын талаптар:



  • Мультимедиа жобаларымен жұмыс жасау тәжірибесі – өте маңызды;
  • Ағылшын тілін еркін білуі -   артықшылық беріледі, алайда оқу грантын тағайындау кезінде шешуші фактор болып табылмайды. Қажет болған жағдайда, ағылшын тілінен орысша/ қазақша тілдеріне аударма жасалады;
  • Ұсынылған өтінім үлгісіне сәйкес Қазақстан өңірлерінен қатысатындар өз жолақы шығындарының төленуіне үміт ете алады;
  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс.

Қажетті құжаттар тізімі:



  1. Толтырылған өтінім үлгісі (осы жерден жүктеп алыңыз);
  2. Аналитикалық мазмұндағы ең кем дегенде екі жарияланым немесе эфирге шыққан екі бейне-сюжет. Талапкерлер өз материалдарына сілтеме көрсетсе немесе өтінімімен бірге Word форматындағы жарияланымын қоса жіберсе жеткілікті;
  3. Екі мінездеме хат: өтінім жіберушінің кәсіби тәжірибесіне әділ баға бере алатын жұмыс берушіден немесе әріптестерінен болуы тиіс;
  4. Жоғары білім туралы диплом көшірмесі («Журналистика» мамандығы бойынша болса, артықшылық беріледі). Басқа жағдайларда БАҚ саласындағы кәсіби жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Бакалавриат/ магистратураның бітіруші курстарындағы студенттер оқу орнынан анықтаманы ұсынуы тиіс;
  5. Жеке куәлік көшірмесі;
  6. Байқау жеңімпаздары*  2018-2019 жылдың мамыр айлары аралығында өтетін төрт апталық «iMedia Project» оқу курсынан өту жөнінде бас редакторынан / бірінші басшысынан ресми рұқсат қағазды  ұсынуы тиіс.

Жеңімпаздарды анықтау екі кезеңнен тұрады:



  • I кезең: байқауға жіберілген өтінімдерді қарастыру;
  • II кезең: қазылар алқасымен жеке сұхбаттасу (аймақтық үміткерлер үшін сұхбаттасу Skype арқылы өткізіледі).

Байқауға жіберілген өтінімдерді қарастыру рәсімі:



  • Өтінімдерді қабылдаудың ең соңғы мерзімі – 2018 жылдың 31 мамыры, бейсенбі (Астана уақыты бойынша сағат 18:00). Осы мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.
  • Электрондық өтінім үлгісін осында толтыра аласыз: ЭЛЕКТРОНДЫ ӨТІНІМ
  • Байқауға жіберілген өтініміңіз  тіркелді деген растама хат электрондық поштаңызға жіберіледі.
  • Байқауға жіберілген өтінімдердің барлығын құрамына белгілі қазақстандық журналистер және қоғамдық қайраткерлер кірген тәуелсіз беделді қазылар алқасы қарастыратын болады. Қажет болған жағдайда, қазылар алқасы өтінім берушіден қосымша ақпаратты сұратуға құқығы бар.
  • Әрбір іріктеу кезеңінің нәтижелері http://imediaproject.org сайтында жарияланады, сондай-ақ, іріктеуден өткен үміткерлерге электрондық пошталарына хабарлама жіберіледі.

Ұйымдастырушылар туралы ақпарат:

Миссури штаты Университеті Журналистика мектебінің негізі 1908 қаланған, әлемдегі тұңғыш журналистика мектебі болып табылады. Оның негізін салушы – американдық журналист Уолтер Уильямсқа «Журналистік білім берудің негізін салушы» деген құрметті атақ берілген.

Әлемдік медиа-индустрияның көшбасшылары атақты «Миссури әдісі» бойынша осында кәсіби шеберлік мектебінен өткен. Олардың арасында Пулитцер жүлдесінің лауреаттары, PR саласындағы басты марапат саналатын Silver Anvil Awards беделді жүлдесінің иегерлері бар.  Миссури әдісінің негізінде «Жасау арқылы үйрен» («Learning by doing») деген қағида жатыр, оған сәйкес журналистика мектебінің студенттері өздерінің университет қалашығындағы оқиғалар туралы күнделікті түрде хабар тарату арқылы кәсіби БАҚ-да тәжірибеден өтеді.

Қазақстан баспасөз клубының негізі 1994 жылы қаланған. Еліміздегі жетекші медиа-алаң, «Медиа Құрылтай» жобасының авторы, бұқаралық ақпарат құралдарына, мемлекеттік және бизнес құрылымдарына, ҮЕҰ-ға, халықаралық ұйымдарға коммуникациялық және ақпараттық қызметтердің бүкіл кешенін ұсынатын ұйым. Қазақстан басасөз клубы өзінің қызмет етіп келе жатқан жылдары ішінде 4500-ден астам сан алуан жоба мен медиа іс-шарасын, соның ішінде журналистерді оқытуға арналған тренингтік жоба мен модульді жүзеге асырды.

Сорос Қазақстан Қоры Медиа бағдарламасының  (бұған дейін «БАҚ-ын қолдау» бағдарламасы деп аталған) негізі 1996 жылы қаланған. Осы уақыт ішінде Сорос-Қазақстан Қоры қазақстандық БАҚ пен журналистерді, сондай-ақ, олардың құқығы мен бостандығын қорғайтын қоғамдық ұйымдарды кәсіби дамытуға 4 миллион АҚШ долларына жуық қаржыны бағыттады. Бағдарламаның миссиясы: «Жаңа ақпараттық технологияларды дамыту аясында Қазақстан журналистикасының кәсіби стандарттарын күшейту».

Байланысу үшін:

Бақтыгүл Бұрбаева

Жоба үйлестіруші

Қазақстан Баспасөз клубы

E-mail: imediaproject@pressclub.kz

Тел.: +7 727 264 67 37

Ұялы т.: +7 777 213 13 67

Әлия Шәріпбаева

Медиа бағдарламасының үйлестірушісі

Сорос-Қазақстан Қоры E-mail: asharipbayeva@soros.kz

Тел.: +7 727 258 89 83  (ішкі т. 107)

Ұялы т.: +7 771 990 7475