Қазақстан баспасөз клубында iMedia Project 2018 жобасына іріктеудің екінші кезеңі 17 және 18 шілде күндері өтеді. Жобаның екінші кезеңі сұхбат түрінде болады.

Биылғы жылы 46 адам жобаға қатысуға өтініш білдірді. Еліміздегі танымал медиа мамандардан құралған қазылар алқасы екінші кезеңге 31 қатысушыны іріктеп алды.

Сұхбаттасуда қатысушыларға бағдарлама аясында жүзеге асырғысы келетін жобалары жайлы сұрақтар қойылады. Әр қатысушыға 10-15 минут аралығында уақыт беріледі.

Алматы қаласының қатысушылар Қазақстан Баспасөз клубының мәжіліс залына шақырылса, аймақтағы 14 қатысушылар сұхбатты Skype арқылы жүргізеді. Аймақтардағы қатысушыларға екінші іріктеу кезеңінің уақыты жайлы алдын-ала ақпарат беріледі.

Сұхбаттасуға қазылар алқасынан бөлек Сорос-Қазақстан қоры мен Қазақстан баспасөз клубның өкілдері қатысады.