Бүгін iMedia Project жобасының қатысушылары үшін төртінші ағымның жаңа оқу жылы басталды. Конкурстың қорытындысы бойынша 2018-19 жылдар аралығында конкурс нәтижесі бойынша іріктеліп алынған 17 қазақстандық журналист төмендегі модульдер бойынша тегін төрт апталық курс өтеді.

- Медиа-дизайн;

- Мультимедиялық журналистика;

- БАҚ үшін басқару және оның бизнес стратегиясы;

- Журналистика және журналистік зерттеулер.

«IMedia Project-2018» жобасының қатысушылары «Сорос-Қазақстан Қоры» Корпоративтік Қоры Басқармасының Төрағасы Антон Артемьевпен және Қазақстан баспасөз клубының атқарушы директоры Сәкен Балбаевпен кездесті.

Бұл медиа мектеп Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен іске асып келе жатқан Миссури Журналистика мектебі мен Қазақстан Баспасөз Клубының бірлескен жобасы. Ең алғашғы мектеп 2014 жылы өтсе, жоба осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Үш жыл ішінде iMedia Project жобасы бойынша 50 қазақстандық журналист Миссури- Колумбия Журналистика мектебінің үздік тренерлерінен сабақ алды.

Алғашқы модуль 2018 жылдың 27 тамызынан 31 тамызына дейін мультимедиялық журналистикаға арналады. Тренер: Стив Райс, Миссури-Колумбия Университетіндегі Конвергенттік журналистика профессоры. Модулді оқу барысында қатысушылар топқа бөлісіп, авторлық бейне репортаж жасау бойынша жұмыстар жүргізеді. Модульдің соңғы күнінде олар арнайы құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманы және  оқу үрдісінде алынған білімдер мен дағдыларды қолдана отырып дайын материалдарды ұсынады.