2018

IMedia Project (АйМедиа жобасы)

Мултимедиалық журналистика мектебі

2018 жылдың 27-31 тамызы, Алматы, Қазақстан Баспасөз клубы

(Дүйсенбі – Жұма, сабақ уақыты  9:00-ден бастап 12.30-ға дейін және 14:00-ден бастап 18:00-ге дейін)

 

Оқытушы: Стив Райс, Миссури университетінің конвергенттік журналистика профессоры

 

Дүйсенбі:

Таң

Кіріспе бөлім: топтарға бөліну, бір топта төрт адамнан көп емес.

Осы аптада видеоға түсіретін оқиғаны іздей бастаңыз. Сіздерде сабақ кезінде өз жобаларыңызбен жұмыс жасауға уақыт болады. Өнім – жұма күнінің екінші жартысында топтағы қатысушыларға көрсетілетін 2 минуттық видеоны дайындау. Әрбір топ мүшесі тапсырма біткенше орындайтын нақты бір міндетті өзіне алғаны дұрыс. Мысалы, №1 қатысушы камерамен жұмыс жасаса, №2 қатысушы бейнедыбыспен, №3 режиссурамен, транскрибациямен және сценариймен, ал №4 қатысушы дыбыстау, кадрға бөлумен айналысады.

 

Сынып төрт топқа бөлінеді. Сіздер дыбыс жазатын жеке құрылғыны қолданып, Premiere Elements бағдарламасында дыбысты синхронизациялайсыздар.

 

Видео оқиғаны таспаға түсіру және жасап шығару

Күшті видеотехникаларды қолдана отырып, қалай маңызды әрі бөлісуге тұрарлық оқиғаны баяндауға болады? Таңертеңгі сабақ басты трендтерге, соның ішінде видео-контенттің кең қолданылып жатқандығына арналады. Тиімді видеоны жасап шығару үшін жақсы аудио қажет. Аудионы тиімді қолданудың мысалдары көрсетіліп, жай смартфонмен де күшті нәтижені қалай алуға болатындығы жөнінде нұсқау беріледі.

 

Күннің екінші жартысы

 

MicroDoc деген не? (Қысқа деректі фильм)

Әдетте бұл ғаламторға арнап жасалады. 3-10 минутқа созылатын видео үлкен оқиғаның бір бөлігі жайлы әңгімелейді. Сіз өзіңіздің оқиғаңызды қысқартып, көрермендерге оны қабылдауға көмектесетіндей жолды табуыңыз қажет. Оқиғаның ішінен көңіл толқытарлық бөлігін табыңыз. Оқу барысында таңертең қаралған видеолардың көбісіне қатысты сілтемелер келтірілетін болады.

 

Кадрлардың реттілігі  сіздің видеоңыздағы уақыт пен кеңістікті бір реттілікке жұмылдыруға көмектеседі. Біз жақсы шыққан видеолардың бірнеше мысалын қарастырамыз, ал кейін сіздер бес кадрдан тұратын видеореттілікті смартфоныңызға жазып аласыздар. Кейін сыныпқа оралып, өз жұмыстарыңызды монтаждайсыздар.

 

Сейсенбі

 

Таңертең

 

Өзіңіздің екі минуттық видеоңызды ретке келтіре бастаңыз, оны жұма күні түстен кейін сабақ кезінде көрсетесіздер.

Кәсіби видеооператор және сіздің командаңыз оқиғаны баяндау үшін қалай жұмыс жасаулары қажет?
  • Оқиғаны баяндау тәсіліңізді түсіндіретін сценарийлік жоспарды жазып шығарыңыз
  • Түсіретін деректі фильмнің түйіндемесін дайындаңыз.
  • Кейіпкерлердің мотивациясын жасап шығарыңыз.
  • Баяндап жатқан оқиғаңыздың ішінде барлық кейіпкерлерді драмалық оқиға аясында біріктіріп қосыңыз.
  • Кадрлардың тізімін жасаңыз: ол дыбыстық фрагментті, белгілі бір ракурсты немесе сұхбатты жазуға көмектеседі.
  • Жазбаға түсірген соң, әрбір көріністі кадрға бөліп шығыңыз.
  • Аппаратураға арналған чек-парақты дайындаңыз. Сізде барлық қажетті нәрсе бар екендігіне көз жеткізіңіз.
  • Техникалық проблемаларға және оқиғадағы проблемаларға мән беруді ұмытпаңыз.
  • Оқиғаны түсіруге дайындалыңыз.
  • Дайын өнімді достарыңызға көрсетіңіз.
 

 

Сценарийді басып шығарыңыз:
  • Сіз қолданатын кадрлардың раскадровкасын суретке салыңыз. Раскадровканы мінсіз ұстануға тырыспаңыз.
  • Осы оқу курсынан тыс уақытта видеоны жасаған кезде, сіздің фильміңізбен жақсылап жұмыс жасауға дайын адамдарды табыңыз.
  • Уақыт кестесін дайындаңыз. Ол арқылы сіз өз жобаңызға назар шоғырландыра аласыз. Сіз және командаңыз қандай күндері жұмыс жасайтынын белгілеп алыңыз. Артықшылық берілетін көріністердің сызбасын қағазға түсіріңіз.
 

Сұхбат:
  • Сұхбатты алдын ала жазып алыңыз.
  • Сұрақтарды дайындаңыз. Оның ең оңай жолы – «кім, не, неліктен, қашан, қайда және қалай» деген сұрақтарды жазып, кейін осы сұрақтарға сүйене отырып брэйнсторминг өткізіңіз.
  • Сұхбатқа жауап беретін адам камера алдында өзін жайлы сезініп, ашық әрі тура жауап беруі тиіс. Түсірілім алдында онымен сөйлесіңіз. Ол өзін жайлы сезінуі үшін сіз онымен жарты сағаттан көбірек сөйлессеңіз болады.
  • Түсірілген материалды жүктеңіз. Фильміңізді редакциялау алдында түсірілген видеоны қарап шығыңыз.
  • Әрбір кадрға қатысты ескеретін нәрселерді түртіп алыңыз: кадр жақсы ма, мүмкін техникалық проблемалар бар шығар, соны ойланыңыз. Осылайша сіз монтажға кететін уақытты біраз қысқарта аласыз.
  • Фильміңізді монтаждаңыз. Түсірілген материалды кесіп, бір мезгілде видеоға музыканы немесе сұхбатты «қондыруды» үйреніңіз.
 

*Біз аудиосториттелингтегі ең үздік әдістемелермен, соның ішінде сұхбаттан алынған клиптерді, табиғат дыбыстарын және кадр артындағы дауысты тиімді түрде қолдану тәсілдерімен бөлісетін боламыз.

 

Күннің екінші жартысы

 

Оқиға құрылымы

Кейіпкерлерді жақсылап ойластырып алу оқиғаларды жақсы баяндауға мүмкіндік береді. Сіздер стереотиптер мен архетиптер арасындағы айырмашылықты түсіне білулеріңіз қажет. Сіздің оқиғаңыздың қалай ұйымдастырылғаны жайлы ойланыңыз. Оқиғаны үш актіден тұратын құрылымға бөлген тиімдірек болады. Оқиғаңызды тереңірек түсініп, жақсылап баяндау үшін транскрибацияны, раскадровканы және сценарийді қолданыңыз. Сіздің кейіпкерлеріңіз көрермендердің сенімін жаулай алатындай болуы тиіс, анық және нақты сөйлеуі қажет.

 

Смартфоныңызға топтастарыңызбен бірге 60 секундтық сұхбатты жазыңыз. Біз оны сәрсенбі күні таңертең қарайтын боламыз.

 

Сәрсенбі

 

Таңертең

 

Сұхбат түсірілген видеоны қараймыз.

 

Сіздің видеоңызды күші етіп көрсететін видеотехникалар:
  • Видеоңыздың қарқынын белгілеңіз, осы арқасында ол көрермендер үшін біртекті көрінетін болады. Видеоны барынша қызықты әрі көрермендерді еліктіретіндей етіп қалай жасауға болатындығы жөнінде сөйлесетін боламыз.
  • Сұхбатты сілтемелермен жабдықтаңыз.
  • «Үш ереже» видеоға тұтастылықты береді.
  • Үйлестірілген әрекеттерді қолдану уақыт пен орынды өзгертуге мүмкіндік береді.
  • Реттіліктерді қолдану уақытты үнемдейді
  • Әсер беретін ауыспалы кадрларды қолдану.
  • Видеоға реализм және қарқын қосу үшін дыбысты монтаждау.
  • Видеоңызды бастаудың және аяқтаудың тәсілдері.
 

Күннің екінші жартысы

 

 

Сыныптан шығып оқиғаңызды түсіріңіз. Бүгінгі күннің соңына дейін есептілікті беріңіз. Осыны ескере отырып уақытыңызды жоспарлаңыз.

 

Бейсенбі

 

Таңертең

 

Жарықтандыруды, музыканы, дыбысты қолдану және видеоны жазу этикасы жайлы жалпы ақпарат

Музыканы нашар видеоқатарды жасыруға арналған құрал ретінде емес, керісінше видеоның ажырамас бөлігі ретінде қолданыңыз. Жарықтандыру бірнеше жарық көзінен түсуі керек, бірақ оны басқара алуыңыз қажет. Видеоңызды тиімді түрде дыбыстау үшін не істеу керек? Оқиғаңызды әсерлі ету үшін этикалық ұстанымды сақтау қажет.

 

Күннің екінші жартысы

 

Монтаж

Түсірген бүкіл видеоны біріктіріп, ой елегінен өткіземіз. Сыныпта көрсетеміз. Клиптеріңізбен жұмыс жасау үшін оны өздеріңізбен бірге ала келіңіздер.

 

Жұма күнінің екінші жартысында сыныпта көрсетілетін екі минуттық видеомен жұмыс жасау.

Сценарийлеріңізді тексеру. Оқиғаларыңызды дыбыстау.

Оқытушы сіздің жұмысыңызды көру үшін сыныппен жұмыс жасайды.

 

Жұма

 

Таңертең

 

Сыныпта видеомен жұмыс жасау және оқытушыдан кері байланыс алу

 

Күннің екінші жартысы

 

Қорытынды таныстырылым: сыныпта екі минуттық видеоңызды көріп шығамыз.

 

Қорытынды жасау және естелікке суретке түсу.