Жоба туралы

Қазақстан Баспасөз клубы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен білім беру жобасын - «iMedia» мультимедиалық журналистика мектебінің жұмысын жалғастыруда. Ашық байқау аясында білікті қазылар алқасы қазақстандық журналистер мен редакторлар қатарынан ақтық кезеңге өтіп, 2017 жылы төрт апталық тегін оқу курсынан өтетін 10 қатысушыны анықтайды.

Әлемдегі тұңғыш журналистика мектебі -  Миссури штаты Университеті Журналистика мектебінің (MSJ)  профессорлары MSJ-де оқудан өткен қазақстандық медиа мамандарымен бірлесе отырып, 2017 жылы қатысушылармен жұмыс жүргізеді. iMedia қатысушылары мультимедиалық жобаларды жасап шығару және кешенді түрде ілгерілетуді, сондай-ақ, медиа-кәсіпкерлік және контенттен ақша табу дағдыларын үйренеді. Өз жобаларын дайындау кезінде оларға бір жыл бойы тәлімгерлер кеңес беретін болады.

Тренинг бағдарламасы:

Төрт апталық интенсивті оқу курсы аясында ең ірі мультимедиалық жобаларды жасап шығарған медиа-индустрия көшбасшылары шеберлік сабақтарын өткізеді. «iMedia Project» қатысушылары өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіріп, келесі модульдер бойынша жаңа білімдерді игереді:



  • БАҚ дизайны;
  • Мультимедиалық журналистика;
  • БАҚ-на арналған менеджмент және бизнес-стратегия;
  • Деректер журналистикасы және журналистік тергеулер.

Пікірлер