Тренерлер

img_4644

Роб Вейр

Сандық технологияларды дамыту жөніндегі директор

Дипломнан кейінгі білім беру кафедрасының ассистенті. Миссури-Колумбия Университеті Миссури Журналистика мектебі

Колумбия, Миссури

Роб Вейр өзінің журналист ретіндегі қызметін 15 жасында Миссури штатының Индепенденс қаласындағы The Examiner апталығының баспа бөлімінде жұмыс жасаудан бастады. Өз әулетіндегі үшінші ұрпақтағы журналист болып табылатын Вейр 1999 жылы   Миссури Университетін журналистика және саясаттану саласындағы бакалавр дәрежесімен тәмамдады. Вейр кейін Миссури штаты газеттерінің 1867 жылдан бастап 1890 жылдар аралығында ұстанған саяси бағдарын зерттей отырып, Миссури штатында АҚШ тарихы жөніндегі магистр дәрежесі бойынша білім алды. Миссури штатынан көшкеннен кейін ол Солтүстік Каролинадағы Уилмингтон қаласында шығарушы редактор ретінде Star-News басылымында жұмысқа тұрып, кейін газеттің бас редактор көмекшісіне дейін көтерілді. 2005 жылдан бастап ол eMprint платформасында басып шығарылатын Миссури-Колумбия университеттік мерзімді басылымының бірінші бас редакторы атанып, қазіргі таңда Миссури-Колумбия Университетінің сандық технологияларды дамыту жөніндегі директоры болып табылады. Ол Missourian, Vox, MyMissourian және басқа да жаңалықтар, журналдар мен сурет жобаларының бүкіл технологиялық мәселелері үшін жауап береді. Сандық журналистика, ақпараттық бақылау және ақпарат бостандығы, сондай-ақ, технологиялар мен бұқаралық мәдениеттің қиылысу мәселелері оның кәсіби қызығушылықтар аясына кіреді.

img_4513

Лиа Бесерра

Лиа Бесерра – Newsy басылымы үшін технологиялар мен бизнес тақырыбы аясында мақала жазатын мультимедиа-журналист. Newsy басылымында қызмет етпес бұрын, Лиа SpringfieldNews-Leader және Omaha World-Herald секілді басылымдарда жұмыс жасаған. Сонымен қатар, ол Gizmodo сайтында «Технологиялар» тақырыбы бойынша мақала жазатын штаттан тыс журналист ретінде еңбек еткен.

 Журналистика саласындағы қызметі аясында Лиа Omaha Code School, Interface Web School, Миссури  Журналистика мектебі (Missouri School of Journalism) секілді оқу орындарында көшпелі дәрістерді өткізген. 2012 жылы Лиа Миссури Университетінің журналистика бойынша бакалавр дәрежесін алды.

Журналистика саласында мансабын бастамас бұрын, Лиа компьютерлік техник ретінде жұмыс жасаған.

img_9485

Джим Флинк

ДЖИМ ФЛИНК жиырма жылдан аса уақыт бойы теледидардағы жаңалық журналистикасында, төрт жыл жаңалық компаниясының директоры және бір жыл ұялы қосымшалар және видео-платформаларға арналған жаңалық контенті бойынша кеңесші болып еңбек атқарған соң, Миссури Университетінің Журналистика мектебіндегі стратегиялық коммуникациялар кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқара бастады.

Флинк мырза жаңалық бағдарламаларын дайындауда дәстүрлі тәсілдемені үйлестіре отырып, редакцияның жұмысына ақпаратты визуализациялау бойынша жаңа әдістерді кіріктіреді. Осы ретте ол ұжымның алдына ақпараттық агенттіктер секілді оқиғаларды барынша жедел түрде жариялап отыруды мақсат етіп қояды. Флинк мырза Миссури Университетінің Журналистика мектебі жанындағы Рейнолдс атындағы Журналистика институтында жұмысын жалғастырып келеді, онда ол ұялы қосымшалар мен видео-платформаларға арнап контент пен жаңалықты жасаудың озық әдістерін әзірлеумен, сондай-ақ, оны ақшаға айналдырудың стратегияларын ілгерілетумен айналысады.

Newsy.com бас басқарушысы және жаңалықтар бөлімінің вице-президенті бола отырып, Флинк мырза жаңалыққа арналған стартапты жаңа мультимедиалық платформаларда сапалы видео-контентті жариялайтын беделді халықаралық БАҚ-на айналдырды.

Оның басшылық етуімен Newsy.com  iOS, Android, Windows, Blackberry секілді көптеген мультимедиалық платформалар және веб-сайттың өзі арқылы ең өзекті деген жаңалықтарды жедел түрде ұсына отырып, MSN, AOL, The Huffington Post және Mashable (бұлардан тағы да басқа) басылымдарымен ынтымақтаса жұмыс жасай бастады. 2011 жылы Newsy.com «CNN» және «Flipboard-тан» озып шығып, «Ең үздік жаңалық агенттігі» аталымында «Appy Awards» сыйлығын иеленді, ал 2013 жылы портал «iPad-қа арналған ең үздік қосымша» сыйлығын алды.

Медиа-менеджер ретіндегі мансабына дейін Флинк мырза 1995-2010 жылдар аралығында АҚШ-дағы «ABC» телеарнасының ең танымал филиалы - «KMBC» (Канзас Сити қ.) телеарнасының басты тележүргізушісі және репортері болып жұмыс жасаған. Флинк мырза аты аңызға айналған Ларри Кингтің «Larry King Live» ток-шоуының кейіпкері болған, «ABC» телеарнасында «Good Morning America» ток-шоуына қатысқан, деректі фильмдерге түскен. «CNN News» және «BBC» одан сұхбат алған.

Флинк мырза – прайм-тайм бағдарламасының тележүргізушілері мен журналистеріне жыл сайын берілетін «Emmy Awards» беделді сыйлығының, сондай-ақ, Эдвард Мурроу («Edward R. Murrow Awards») атындағы белгілі сыйлықтың және тағы да басқа көптеген кәсіби марапаттардың иегері.

Оңтүстік Кореяның ең ірі телерадиокорпорациясы KBS-те, ЮНЕСКО-да шетелде жұмыс жасаған, сондай-ақ, Филиппинде оқытушы болған. Флинк мырза Миссури Университетінің Журналистика мектебінде,  Авила Университетінде, Миссури-Канзас Сити Университетінде профессор ретінде өз мансабының 20 жылға жуық уақытын оқыту ісіне арнаған.

Вестминстер колледжінде (Фултон қ., Миссури) саясаттану саласы бойынша бакалавр және Миссури Университетінде журналистика бойынша магистр дәрежелерін алған. 2010 жылы «Вестминстер колледжінің шоқтығы биік түлегі» құрметті атағаның иегері атанды.

img_5102

МАЙК МАККИЭН 

Маккиэн мырза Миссури университеті Журналистика мектебінің конвергенттік журналистика бағдарламасының негізін салушы, «Mizzou Advantage» бағдарламасы аясындағы «Болашақ БАҚ» бастамасының фасилитаторы, сондай-ақ, Дональд Рейнолдс атындағы Журналистика институтының «Futures Lab»  Эксперименталдық редакция және технологияларды тестілеу орталығының басшысы болып табылады. «Apple», «Adobe Systems», «Hearst Innovation», «AT&T», «Sprint», сондай-ақ, журналистік білімді өзгертуге бағытталған ақпараттық технологияларды әзірлеуші басқа да компаниялармен серіктесе отырып құрылған Мектептің жетекші өкілі болып табылады.

Нанкин университеті және Шаньтоу университетінде (Қытай), Мәскеу мемлекеттік университетінде (Ресей) конвергенттік журналистикаға арналған оқу жоспарларын құруға атсалысқан. Еуропа журналистика орталығында (Брюссель қ.), Жаңа Зеландиядағы Окленд технологиялық университетінде, Чилидегі Анд университетінде және Испаниядағы Наварр университетінде дәрістер оқып, сминарлар ұйымдастырған.

Миссури университеті оқытушылары арасындағы екі жоғарғы марапатттың және де Уильям Кемпер атындағы жүлденің иегері. «KBIA-FM» радиостанциясында және KBIA.org сайтында БАҚ туралы «Views of the News» апта сайынғы аналитикалық бағдарламасын жүргізеді. 1979 жылы Миссури университетінің Журналистика мектебінде бакалавр дәрежесін, кейін 1985 жылы Райс Университетінде саясаттану жөніндегі магистр дәрежесін алған. 1986 жылдан бастап Миссури университетінің Журналистика мектебінде сабақ береді.

amy

Эми Симонс

Эми Симонс конвергенттік журналистика саласында студенттерге көпплатформалық репортаждарды жасау және редакциялауды оқытады.

2010 жылы тамызда факультетке келген сәтінен бастап Симонс ханым оқу мекемесінде және одан тысқары орындарда кәсіби мамандарды даярлау арқылы халықаралық журналистикаға қызығушылық танытты. Ол веб-контентпен жұмыс жасауды, мобильдік журналистика техникаларын, сондай-ақ, репортаждарды жасау және журналист жұмыстарын тарату үшін әлеуметтік медианы қолдану тәсілдерін үйрете отырып, Қытай мен Еуропаны саяхаттап шықты.

Симонс ханым «KBIA-FM» радиостанциясында және KBIA.org сайтында шығатын «Views of the News» апта сайынғы аналитикалық бағдарламасының авторы және жүргізушісі болып табылады. Сондай-ақ, ол Онлайн-жаңалықтар қауымдастығының жергілікті клубы ONA Mizzou  ұйымының кеңесшісі және де мектептердегі студенттік байқаулардың тәлімгері болып табылады. 2015 жылы Симонс ханым «Медиадағы әйелдер» атты студенттік ұйымды құруға көмектесті. Жоғарыда аталған клубтың кеңесшісі ретінде Симонс ханым клуб мүшелеріне журналистика, жарнама жән қоғаммен байланыс салаларындағы мансабын бастау бағытында қолдау көрсетеді.

Бұған дейін Симонс ханым Chicago Tribune газетінде сандық жаңалықтар редакторы ретінде жұмыс жасап, chicagotribune.com сайтына арнап редакторлық стратегияны атқарған. Chicago Tribune газетінде жұмыс жасап жүрген кезінде ол күнделікті жаңалықтар мен жоспарланған іс-шаралар туралы хабар таратуды үйлестіре отырып, жаңалық шығаратын телеарналар мен радиостанциялармен (WGN-TV, CLTV News, WGN-AM) тығыз ынтымақтастық құрды. Chicago Tribune газетінің командасына қосылмас бұрын, Симонс ханым Чикаго мен қала маңындағы аймақтарда тәулік бойы жаңалық тарататын CLTV News  телеранасында 7 жыл жұмыс жасаған. Симонс ханым компаниядағы өз мансабын көмекшіден бастап, атқарушы продюсер лауазымына дейін көтерілді. CLTV телеарнасында ол бірқатар марапаттарға ие болған «Сіздің ақшаңыз» атты бизнес-хабарды шығарумен айналысып, сондай-ақ, станциядағы барлық тағайындауларға жауапты болған.

Симонс ханым - Миссури Журналистика мектебінің түлегі.

imedia_2016-7551

Стив Райс – конвергенттік журналистиканың басшысы. Ол журналистика факультетінің екінші курстағы студенттеріне бейне, аудио және слайд-шоу негіздерін, әлеуметтік медиада жұмыс жасауды үйрететін «Мультимедиа негіздері» секілді курстарды оқытады.

2009-2010 жылдар аралығында Райс мырза Minneapolis StarTribune веб-сайты үшін студиялық және жаңалық жобаларын дайындаған жаңалық шығаратын команда қатарында жұмыс жасады. Ол NewsBreak күнделікті жаңалық бағдарламасын, сондай-ақ, ойын-сауық түріндегі бейнелер, оқиға орнынан таратылатын көптеген жедел жаңалықтар мен репортаждарды шығаруға көмектескен. Райс мырзаның фотографтармен және операторлармен жұмыс жасау бойынша, сондай-ақ, Миннесота университетінің мультимедиа бойынша тағылымгерлерін жаттықтыру бойынша кең тәжірибесі бар.

Райс мырза 2007 жылдан бастап 2009 жылдар аралығында Star Tribune газетінде аспаздық тағамдарды суретке түсіру, бейне-репортаждар және жалпы суреттерді түсіруге маманданған фотограф және оператор ретінде қызмет жасаған. Сондай-ақ, ол әр шығарылымда жаңа кейіпкерді таныстыра отырып Twin Cities жобасына жетекшілік етіп, өзі дайындаған.

Райс мырза Солтүстік Дакота штатының Гранд Форкс қаласындағы су тасқыны жайлы «Не болса да, тәуекел» (түпнұсқадағы атауы - “Come Hell and High Water”) атты Knight Ridders  кітабын шығарумен және оның дизайнымен айналысқан. Сондай-ақ, ол Билл Гейтстің сандық суреттермен айналысатын компаниясында суреттер редакторы ретінде қызмет жасап, кейін Corbis  (медиа-материалдарды сақтауға арналған ең ірі қоймалардың бірі) топтамасына енген фотомұрағатты редакциялау міндетін атқарған.

Оның басшылық етуімен Майами Геральд фотографтар командасы фотография саласында Пулитцер жүлдесін иеленіп, сондай-ақ, басқа да бірнеше байқаулардың ақтық кезеңіне өтті. Осы команданың Эндрю дауылына арналған жұмысы 1993 жылы алтын марапатқа ие болған жобаға енді. Осы жоба аясында Райс мырза 50 адамнан тұратын команда құрамында фотография, графика және дизайнға жауапты болған.

Райс мырза Калифорниядағы Orange Coast Community  колледжінің фотография саласындағы бастапқы дәржесінің (associate in arts), сондай-ақ, Калифорния штаты Фуллертон университетінің фотожурналистика саласындағы гуманитарлық ғылымдар жөніндегі бакалавр дәрежесінің иегері болып табылады.

imedia_5_2016_www-1517

Марк Хорвит – «Тергеуші журналистер және редакторлар қауымдастығының» (Investigative Reporters&Editors) атқарушы директоры. Ол Қауымдастықтың бүкіл әлемдегі 5000-нан аса мүшесіне арнап өткізілетін тренингтер мен конференцияларды өткізу кезінде фасилитация жүргізумен, сондай-ақ, «NationalInstituteofComputer-AssistedReporting» (NICAR)  және «DocumentCloud» ұйымдарына арнап білім беру бағдарламаларын ұйымдастырумен айналысады.  Сонымен қатар, Хорвит мырза Миссури Университетінің Журналистика мектебінде (АҚШ) адъюнкт-профессор болып қызмет етеді. Онда ол журналистік тергеуге арналған курсты оқытады. Ол - «Ақпарат бостандығы жөніндегі ұлттық коалицияның» (NationalFreedomofInformationCoalition) және «Sunlight» Қорының директорлар кеңесінің мүшесі. Осыған дейін ол Техастағы, Солтүстік Каролинадағы, Миссури мен Флоридадағы американдық газеттердің редакцияларында репортер, редактор ретінде еңбек еткен.

imedia_5_2016_www-1873

Миранда Патрукич – «Ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықты тергеу жобасының» (Organized Crime and Corruption Reporting Project the Organized Crime and Corruption Reporting Project) жетекші тергеуші журналисі.

Оның жетістіктерінің ішінде Черногорияның билік басында тұрған «Тұңғыш отбасы, Тұңғыш банк» деген атаумен белгілі отбасы туралы материалдар топтамасы аясында «Би-Би-Си» арнасымен ынтымақтастық жүргізгенін атап өтуге болады. MANS орталығының өкілдері Стеван Дойциновичпен және Деян Миловакомизбен серіктесе отырып, Патрукич ханым Черногорияда ұйымдасқан қылмыс, үкімет және бизнес қалай өзара әрекеттесетініне тергеу жүргізді.

Ол Тергеуші журналистердің халықаралық консорциумымен (ICIJ)  бірлескен жоба аясында Черногориядағы темекі контрабандасына тергеу жүргізумен, премьер-министрдің көптеген қаржылық айла-шарғыларын әшкерелеумен айналысқан жетекші репортер ретінде қызмет жасады. Сонымен қатар, Патрукич ханым ICIJ ұйымының браконьерлік жолмен көгілдір тунецті аулауға қатысты 4 млрд. долларға тең қара нарықты тергеуге арналған жобасына қатысты. Жобалардың екеуі де «Тергеуші журналистер және редакторлар қауымдастығының» (InvestigativeReporters&Editors) Том Реннер атындағы сыйлығымен марапатталды.

Патрукич ханым жоғары сұранысқа ие жаттықтырушы және журналистерді қаржылық есептілікке талдау жүргізуге оқытатын маман. Ол Сараевода тұрады.

CZF6NAtz

Натан Лоренс, KBIA қоғамдық радиосының digital контент жөніндегі директоры және Миссури Журналистика мектебінің штаттан тыс жаттықтырушысы.

Лоренс бұған дейін Нью Йорк Таймс және Ментал Флос журналдарына арнап мақалалар жазып, фоторепортаждарды жасаған.

Лоренс өз жұмыстарында жалдамалы жұмысшыларға өтемақы төлеу бағдарламасындағы қарама-қайшылықтарды, табиғатты қорғау заңнамасындағы сәйкессіздіктерді, Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің Титаник кемесінде қолданылған Морзе алфавитін түсіндіру кезінде жіберген қателіктерін анықтап берген. Ал жақында Лоренстің ашып көрсеткен ақпараты 2017 жылы Трамптың инаугурациясына қатысқан адам санына қатысты пікірайтыс кезінде басты рөл ойнады.

David Herzog

Дэвид Херзог Миссури университеті Журналистика мектебі және «Журналистер мен редакторлар адал сайлауларды қолдайды» атты халықаралық қауымдастығының бірлескен жобасы – Деректер журналистикасы жөніндегі ұлттық институт бағдарламасының ғылыми кеңесшісі лауазымын атқарады.

Дэвид жаңалықтарды тарату кезінде географиялық ақпарат жүйелерінің құралдарын қолдануға маманданған. Сондай-ақ, ол -  «Жаңалықтар мэппингі: географиялық ақпарат жүйелеріндегі мысалдарды талдау және журналистика» атты жаңа кітаптың авторы. Аталған кітапта журналистер жаңалықтарды анықтау үшін аналитикалық мэппингке арналған компьютерлік бағдарламаларды қалай қолданатыны туралы жазылған.

2002 жылдың қаңтарында журналистика факультетінде өз жұмысын бастамас алдын Херцог Род-Айлендтегі «Providence Journal» журналында дербес журналистік тергеулерді жүргізген репортер ретінде қызмет жасады. Херзог жемқорлық әрекеттерді тергеу мақсатында өз жұмысында дата-журналистика құралдарын қолданды. Осыған дейін ол «The Morning Call in Allentown» журналындағы дата-журналистика бөлімінің редакторы, «Baltimore Sun» экономикалық репортері және де Пенсильваниядағы басқа да газеттердің жалпы жаңалықтар бөлімінде репортер болып қызмет жасады.

Дэвид Херзог - Филадельфиядағы Тэмпл Университетінің радио және телевидение бойынша бакалавр дәрежесінің иегері.

Yelnur Alimova

Елнұр Әлімова  журналистика саласындағы еңбегін 19 жасынан бастады. 2008 жылдан бері республикалық "Жас Алаш" газетінде еңбек етіп келеді. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.  Бір жылдан кейін аталған университеттің журналистика мамандығы бойынша магистратурасын аяқтап шықты.

2011 жылы Қазақстанның Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында болған қасіретті оқиғаны оқиға орнына барып жазған журналистердің бірі. 2012 жылы "Жас Алаш" газетінің ұйытқы болуымен Жаңаөзен оқиғасының бір жылдығына орай жарыққа шыққан "Жаңаөзен: Ату. Азаптау. Айыптау" кітап жинағының құрастырушысы және редакторы.

2014-2015 жылдар аралығында Сорос Қазақстан қоры мен Қазақстан пресс-клубы ұйымдастырған IMediaProject мектебінің қатысушысы.

2017 жылы Ұлыбританиядағы Дарем университетінің Әлеуметтік зерттеу әдістері бойынша магистрлік бағдарламасын аяқтады.  Әлеуметтік зерттеу әдістері статистика мен графиктерді барынша пайдаланатындықтан, ол  бұл салада алған білімін дата-журналистика үшін маңызды деп есептейді.