Жобаның артықшылықтары

 «iMedia Project» түлектері келесі бағыттар бойынша біліктіліктерді меңгереді:
  • Түрлі ақпараттық платформаларға арнап сапалы аудио, бейне контентті жасап шығару;
  • Интерактивтік графика;
  • Веб-дизайн, HTML және CSS;
  • Жаңалық шығару технологиялары және мобильдік құрылғылар;
  • Әлеуметтік желілерді БАҚ ретінде қолдану;
  • Google және басқа да аналитикалы құралдарды қолдану;
  • Бизнес-жоспарды дайындау және таныстыру, мультимедиалық контенттен ақша табу;
Оқу курсы Қазақстан Баспасөз клубындағы толығымен «Adobe Creative Cloud» бағдарламалар жинағымен жабдықталған арнайы компьютерлік сыныпта өтеді. Курстан өту нәтижесінде «iMedia Project» түлектері өздерінің тәуелсіз бірегей мультимедиалық жобасын жасап шығарып,  «Adobe Photoshop», «Adobe Audition», «Adobe Premiere» секілді тағы да басқа журналистерге арналған мамандандырылған бағдарламаларды тыңғылықты түрде игеріп шығады, сондай-ақ, өз жобаларын ары қарай тұрақты түрде қалай ілгерілету қажеттігін түсінеді.

Барлық модульдерді табысты оқып бітірген қатысушыларға Миссури журналистика мектебі (АҚШ) куәландырған сертификаттар табысталады.

Сорос-Қазақстан Қоры ең үздік мультимедиа жобаларын қолдау үшін «iMedia Project» түлектері арасында гранттық байқауды жариялау құқығын өзіне қалдырады.