Қатысушылар пікірі

Жұлдыз Әбділда, Алматы

1111

Өздері бұрыннын сайттарда ақпараттық сайттарда жұмыс істейтін , аудиомен, видеомен, фотомен жұмыс істейтін адамдар үшін бәлкім Аймедиа қалыпты нәрсе шығар. Ал тек қана текстпен жұмыс істейтін адам ретінде маған өте көп пайдасы болды. Өйткені мен 18-19 жыл газетте жұмыс істедім. Тіпті біз газетте суреттің өзін фотокорреспонденттен алуға үйренгенбіз ғой. Ал өзіміз түсіре алмаймыз көбінесе.

Ал видеоны біз тіптен  жасамаймыз, сондықтан видео жасау, оның тәртібі, қалай түсіру  керек, қалай түсірмеу керек, және фотоны да өзімізге түсіруге болатынын түсіндім.

Сосын, кейде жаңа ақпараттық технологияларды біз көп пайдалана бермеймиз. Ал осы жағынан да маған пайдасы болды.

Бізде мысалы сайтты жасайтын адам бар. Және сайтқа материалды салатын адам бар. Біз өзіміз оған араласпаймыз да газетте .

Ал осы iMedia курсынан өткенде мен сайтты да өзіміз жүргізуге болатынын түсіндім. Мисалы блог жургизсе оныда озимиз, видеосында салуга, аудиода жасауга ар турли жанагы иллюстрация материалды пайдалануга болатынын тусиндимда.

Сол себептен мен жеке өзім үшін өте коп пайдасы болады деп айта аламын.

Егер болашақта, мысалы, біз бір  сайт ашып жатсақ, немесе басқа жалпы өзімнің ойым бар да. Өйткені, бізде балалардың балаларға арналған нәрселер өте аз. Кішкентай балаларға бар – газеттер, журналдар,  сосын ересектерге бар, ортадағы дәл жасөспірімдерге бізде көп  ештеңе жоқ. Телевидение мысалы, ондай жоқта бізде. Сол себептен, сол орынды толтыру үшін жасағым келеді болашақта. Сол кезде маған өте пайдалы болады деп ойлаймын.

Ең есімізде қалғаны  Джим Флинк шығар деп ойламын. Көбі солай ойлайтын шығар. Адамның тек қана былай ақпаратты беру ғана емесғ жалпы адамдармен қарым-қатынас, сосын адамның дауысы да үлкен роль ойнайды деп ойладым.

Джим Флинктен біз «непредсказуемый» дейді ғой, не істеу керек  екенін қазір білмейсің. Бір кезде ол жерге де жата қалады , бір кезде орындықтың үстіне де шығып кетеді. Сондай да нәрселермен есте қалған шығар.

Негізі жалпы барлық тренерлерден біз бір нәрседен үйренип жатырмыз. Мысалы бүгін мына видео болғанда мен өте қатты таңқалдым. Өйткені бізде  видеоға қатысты, фотоға қатысты кәдімгідей талаптар бар екен. Жақын кезде ғана мен куә болған нәрсе, полидактия дейді ғой – алты саусақты балалар, сондай материал болған, сосын алты саусақты баланың суреті шыққан. Бірақ та ол жаңа – не этично деп. Сондай бізге сын айтылды. Ондай нәрсені газетке беруге болмайды деп. Ал ондай жағдайда жанағындай баланы, және ол баланың өлетінін біліп оны түсіріп, және оны жариялау, оны көрсету сондай, бүкіл жан жағынан, оның да өзінің сондай айтатын ойы бар сияқты деп ойладық.

Алтынгүл Меңдіхан, Актау

9999

Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа технологиялар меңгеру маңыздылығы жыл өткен сайын артып келеді. Әсіресе медиа саласында жүргендіктен, біздерге, журналистерге қойылатын талаптар да өсіп келе жатыр. Сондықтан да биыл біздер енді сәті түсіп, iMedia мультимедиа журналистика мектебіне түскен болатынбыз. Міне бір жыл өтті, бір жылдың ішінде не үйреніп , бұл мектептің бизге беретін пайдасы қандай деген сұраққа  келетін болсақ, мен өз басым – өзіме үлкен тәжірибе  жинадым деуге болады.

Өйткені бұл iMedia мектебі мен үшін бір үлкен алаң болды. Біріншіден, бұлжерд е шетелдік мамандардың тәжірибесін көріп  жатырмыз. Олардан біліп алып жатырмыз, мұның ішінде, әрине, Миссури мектебінің мамандары, үлкен журналистика мектебінің қыр-сырын айтып, өз білімдерімен бөлісуде.

Мен өзіме не ала алдым. Біріншіден, бұл әріптестік қарым-қатынас орнатудамыз, біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген журналистер мен араласып, бір-бірімен танысты.

Ал екіншіден, бұл мектеп бізге мотивация беретін мектепке айналып отыр. Себебі өз басым қазір газетте жұмыс жасаймын, оған дейін радиода жұмыс жасадым. Дыбыспен де жұмыс жасадым. Әрине, дәл  қазіргі таңда баспа саласындамыз. Видеоны дайындаймыз, бірақ оған көп мән бермейміз. Сондықтан да менің ойымша, осы мектептен алатын білімімізді  болашақта мен жаңадан видео жобаларды дайындауда пайдаланғым келеді.

Оның үстіне, қазіргі таңда өзіңіз білесіз, қазақ тіліндегі контент өте қатты көп емес. Қазақ тіліндегі контентті дамытуымыз керек. Сондықтан да өз басым осыдан алған білімімді қазақ тіліндегі материалдарды көбейтуге, қазақ тіліндегі  контентті көбейтуге пайдаланғым келіп отыр.

Яғни осы iMedia мектебінде бізге үйретіп жатқан мультимедиа технологияларды пайдалана отырып, болашақта жаңа медиа жобаларды жасағым келеді.

Бұл бізге үлкен тәжірибе болатын жаксы  мектеп деп ойлаймын, сондықтан да үлкен рахметімді айтқым келеді.

Биыл сәті түсіп біз  iMedia мультимедиа мектебіне түстік.

Бұл мектептің біз үшін беретін пайдасы  қандай деген сұраққа келетін болсақ, өз басым өзіме үлкен тәжірибе алдым. Бір жыл болды осы Алматыға келіп, осы iMedia мектебінде оқып жатырмыз.

Алдыменен жыл өткен сайын біз байқап отырмыз, қазір тенденция қатты өзгеруде, журналистика да бөлек бағытта дамуда. Қазіргі таңда мультмедиаға ерекше  назар аударылып отыр. Сол үшін жоғары технологияларды да  меңгеру біз үшін өте маңызды болып отыр.

iMedia мектебі бізге не берді? Алдымен, біз бір жылдың ішінде әртүрлі бағдарламаларда жұмыс жасау, оның ішінде мобильді  қосымшаларды пайдалану, әлеуметтік желілерде жұмыс жасау, сонымен бірге сайттарға ақпаратты қалай орналастыру керек, видео контентті, аудио контенті қалай дайындау керек екенін, осының барлығын жақсы үйретіп жатыр.

Біріншіден, бұл  жерде шетелдік мамандардың үлкен білімі бар, осы сол Миссури мектебінің мамандары келіп өз білімдерімен бөлісіп  жатыр. Мен үшін бұл үлкен тәжірибе, үлкен ізденіске жеткізетін жақсы  мектеп болып отыр.

Болашақта дәл осы жерден алған білімімді, яғни  үйреніп жатқанан мультимедиа технологиялардың барлығын алдағы уақытта да жұмысызда қолданамыз деп ойлаймын. Жаңадан медиа жобаларды жүзеге асыруға тырысамын. Оның ішінде өз басым қазақ тіліндегі материалдарды , қазақ тіліндегі  контентті дайындауға ат салысқым келеді. Сондықтан да Аймедиа мектебіне үлкен рахметімді айтқым келеді.

Әбітай Ақсәуле, Алматы

4444

iMedia мектебі осы жылдың ең үлкен шеберлік сыныптардың бірі болды. Журналистикадағы білімімді артыру жағынан. Ең біріншіден, мен өзімнен үлкен жақсы жағынан тәжірибелі журналистермен таныстым. Олармен күнделікті сөйлесіп жүріп, әрбір апта сайын. Олардан мен үшін өте қажетті қабілетті, қасиеттерді  алдым.

Екіншіден, әрбір апта, әрбір модуль пайдалы болды. Әсіресе, маған Джим Флинктің үйреткен сабақтары өте қатты ұнады. Себебі біз тек қана компьютермен ғана емес, ұялы телефонмен көп нәрсе жасауды үйрендік . Қазір күнделікті жұмысымда оның барлығын пайдаланамын.

Күнделікті біз аяқ астынан видеоны монтаждай аламыз, аудио монтаждай аламыз, керек кезде суреттерді өрнектей салуға болады. Өте қажетті.