Кім қатыса алады?

Cіз «iMedia Project» қатысуыңыз қажет, егер:
  • Сізде қоғамдық-саяси, іскерлік немесе басқа да тақырыпқа қатысты жаңа ақпараттық жобаны құру идеясы бар болса. Және оны жүзеге асыру үшін сізге мультимедиалық журналистика саласындағы дағдыларыңызды жетілдіру қажет болса;
  • Мультимедиалық технологиялар саласындағы белсенді әрі жаңашыл құрылым ретінде сіздің редакцияңыз жаңа ақпараттық жобаны іске қосқысы келсе және сізге шетелдік медиа-менеджерлер мен брэнд-технологтардың тәжірибелік кеңестері қажет болса;
  • Сіздің БАҚ қолданыстағы онлайн-ресурсының (веб-сайт немесе сандық қосымша) дизайнын сапалы түрде қайта жасап шығаруға мүдделі болса және де мультимедиамен толығу арқасында дербес медиа-бизнес ретінде дамып, жаңа оқырмандар мен жарнама берушілерді тартуға мүмкіндік алатын болса.
Байқауға келесі топтар қатыса алады:
  • Жетекші республикалық және аймақтық БАҚ журналистері мен редакторлары;
  • Тәуелсіз журналистер ұжымдарының өкілдері;
  • Бакалавриат және магистратура бағдарламаларында оқып жүрген журналистика факультеттерінің бітіруші курстарындағы студенттер;
  • Өздерінің ақпараттық мультимедалық жобаларын жасау және ілгерілету бойынша тәжірибесі бар мамандар;
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
  • Мультимедиа жобаларымен жұмыс жасау тәжірибесі – өте маңызды;
  • Ағылшын тілін еркін білуі ­- артықшылық беріледі, алайда оқу грантын тағайындау кезінде шешуші фактор болып табылмайды. Қажет болған жағдайда, ағылшын тілінен орысша/ қазақша тілдеріне аударма жасалады;
  • Ұсынылған өтінім үлгісіне сәйкес Қазақстан өңірлерінен қатысатындар өз жолақы шығындарының төленуіне үміт ете алады;
  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
  1. Толтырылған өтінім үлгісі (осы жерден жүктеп алыңыз);
  2. Аналитикалық мазмұндағы ең кем дегенде екі жарияланым немесе эфирге шыққан екі бейне-сюжет. Талапкерлер өз материалдарына сілтеме көрсетсе немесе өтінімімен бірге Word форматындағы жарияланымын қоса жіберсе жеткілікті;
  3. Екі мінездеме хат: өтінім жіберушінің кәсіби тәжірибесіне әділ баға бере алатын жұмыс берушіден немесе әріптестерінен болуы тиіс;
  4. Жоғары білім туралы диплом көшірмесі («Журналистика» мамандығы бойынша болса, артықшылық беріледі). Басқа жағдайларда БАҚ саласындағы кәсіби жұмыс тәжірибесі ескеріледі. Бакалавриат/ магистратураның бітіруші курстарындағы студенттер оқу орнынан анықтаманы ұсынуы тиіс;
  5. Жеке куәлік көшірмесі;
  6. Байқау жеңімпаздары* 2017 жылдың ақпан-желтоқсаны аралығында өтетін төрт апталық «iMedia Project» оқу курсынан өту жөнінде бас редакторынан / бірінші басшысынан ресми рұқсат қағазды  ұсынуы тиіс.
Жеңімпаздарды анықтау екі кезеңнен тұрады:
  • I кезең: байқауға жіберілген өтінімдерді қарастыру;
  • II кезең: қазылар алқасымен жеке сұхбаттасу (аймақтық үміткерлер үшін сұхбаттасу Skype арқылы өткізіледі).